Шымкенттің тұрғыны шаһарды дамыту бойынша бұрыннан бері көтеріп жүрген мәселесін тек қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзіне ғана айтамын деп қабылдауына сұранды деп хабарлады turkystan.kz.
Қала әкіміне ол: «Мен сенбеймін. Сенбеймін, мен білемін ғой. Телефоныңды берші, жазып алайын», – деп телефонын сұрады.
Әкім: «Ертең сенбіде».
Ақсақал: «Жекпе-жек дедім».
Әкім: «Жекпе-жек».
Ақсақал: «Мен депутаттарға да сенбеймін. Түсініп ал».
Әкім: «Все. Келістік, келістік».