Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан WhatsApp, Facebook және Telegram желілерінің жұмысына шектеу қоюы мүмкін

0 651

    Қазақстанда шетелдік мессенджерлер WhatsApp, Facebook және Telegram жұмыстары шектелуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz kaztag-қа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде (…):14-тармақта: 1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын: «онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабарлар алмасу сервисінен тәулігіне пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрату; егер онлайн-платформа немесе лездік хабарлар алмасу сервисі Интернеттегі ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындау үшін бағдарламаны орнатпаған жағдайда, өз ресурстарында пайдаланушылар санын айқындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабарлар алмасу сервисінің қызметін шектеу», – делінген үкімет қаулысының жобасында.

2) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «осындай ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға бере отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау нысанасында коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;» «Күтілетін нәтижелердің нақты мерзімі мен мақсаты: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, Ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес келтіру», – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.

Еске салсақ, 10 наурызда ҚазТАГ сарапшылардың болжамынша, бала құқығын қорғаймыз деген желеумен әлеуметтік желілерді бұғаттаудан Қазақстан жылына $5 млрд жоғалтуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.