Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жириновский біраз қазақты оятты» – Самат Нұртаза

0 601

Белгілі журналист, саясаттанушы Самат Нұртаза Facebook-тегі парақшасында Жириновский 30 жыл өзінің айқай-ұрандарымен біраз қазақты оятқанын жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Жириновский 30 жыл өзінің сөзімен, айқайымен, ұрандарымен біраз қазақты оятты. Мойындау керек. Мыңдаған қазақ Жириновскийдің сөздерінен кейін территориялық тұтастық пен Қазақстан Республикасы үшін уайымдай бастады. Менің ойымша, егер Жириновский болмаса, біраз қандастарымыз әлі оянбас еді»,- деді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы енді қазіргі жас депутаттардың Жириновский сияқты бола алмайтынын және сөздері де өтімді болмайтынын жеткізді.

«Енді Жириновский жоқ. Енді Жириновский сияқты ешкім сөйлемейді, сөйлей алмайды. Енді тынышталады. Жас депутаттардың сөздері Владимир Вольфұлының сөздеріндей өтімді болмайды. Бастысы, енді қазақ ұйықтап кетпесе екен…», – деді Самат Нұртаза.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.