Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

0 331

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 пайызға индексацияланатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Үкімет кулуарында журналистер министрден нақты қандай жәрдемақы түрлері индексацияланатынын сұрады.

«Негізінен бұл – зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 пайызға индексацияланады», –  деп жауап берді Қуантыров.

Сондай-ақ ол индексация қашан жасалатынын да нақтылады.

«Бюжет нақтыланып, Мәжіліс пен Сенаттың қарауынан өтеді. Кейін Президент «Республикалық бюджет туралы» заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады», – деді ол.

Министрдің айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақы шамамен маусым-шілде айларында өседі.

Бұған дейін Үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10%-ға дейін көтерілді.

Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.