Қалалық қоғамдық-саяси газет

Egov mobile қосымшасында ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

0 342

Egov mobile мобильдік қосымшасында ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

Egov mobile қосымшасында электронды цифрлық қолтаңба алу – ӨТЕ ОҢАЙ. Ол үшін келесі нұсқаулықты орындау қажет:

• Авторизация бетінде «ЭЦҚ шығаруға сұрау жасау» батырмасын басу;
• «Digital id» парақшасында телефон нөмірі мен SMS-пен келген тексеру кодын енгізу;
• Бейне сәйкестендіруден өтіп, жеке куәлігіңіздің деректері мен телефон нөмірін енгізу;
• Ақпарат расталғаннан кейін жеке куәлігіңіздің нөмірі мен туған күніңізді енгізу;
• «ЭЦҚ шығару» бетінде электрондық поштаңыздың адресін және парольді енгізу;
• Жаңа бетте «Тіркеуді аяқтау» батырмасын таңдау;
• Тіркелгеннен кейін қосымшаға жылдам кіру кодын немесе Face id/touch id орнату қажет.

Сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз дайын.

Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №2 бөлім басшысының орынбасары А. Искаков

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.