Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сүндетке отырған 7 жасар бала қайтыс болды

0 346

Қырғызстан астанасы Бішкекте 7 жасар бала сүндетке отырғаннан кейін көз жұмды.

24.kg басылымының хабарлауынша, тергеу кезінде баланы Ұлттық ауруханада анестезиямен сүндетке отырғызғаны белгілі болды. «Сүндеттелген соң көп қан кетіп ол «Платтер синдромы» диагнозымен №3 балалар ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды. Бала ауруханада есін жимастан, көз жұмды. Оның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды» делінген Октябрьский ауданы ІІБ-ның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алайда бүлдіршіннің ата-анасы сараптама жасатудан бас тартқан.

«Бала ауруханаға 2 сәуір күні түсіп, оны бірден сүндетке отырғызған. Өкінішке қарай, ота аяқталмай қалған. Баланы толық тексерістен өткізіп, анезтезия салғанда жүрегі тоқтап қалған. Ақ халаттылар 7 жасар бүлдіршінді аман алып қала алмады» деп толықтырды бөлімде.

orda.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.