Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Азаптап өлтірілген»: қырылған халқын көрген Зеленский жылап қалды

0 480

Әлеуметтік желілерде «Бучадағы қырғын» деген хэштег кеңінен тарады деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Украиналықтар қала көшелеріндегі қолы байланған мәйіттердің суретін жаппай жүктеп жатыр. Киев облысындағы жағдайға қатысты халықаралық қауымдастық өкілдері де пікір білдірді. Олар қырғынды ұйымдастырғандарды жауапқа тартуды талап етті. Әлеуметтік желіде Киев облысындағы Буча қаласында түсірілген жантүршігерлік кадрлар тарап жатыр. Олардан жерде жатқан мәйіттерді көруге болады. Кейбірінің қолы байланған. Украина билігі бұл Ресей әскерилерінің ісі, деп болған оқиғаны әскери қылмысқа теңеді. Содан соң Халықаралық қылмыстық сот өкілдерін дәлел-дәйек жинауға қалаға шақырды.

«Әдетте, президенттер мұндай үндеу жасамайды. Бірақ бүгін мен бұл сөздерді айтуға мәжбүрмін. Буча мен басқа қалаларда жүздеген адам азаптап өлтірілген. Көшелер мәйіттерге толды. Миналар қойылған. Тіпті жарылғыш заттар мәйіттердің арасында жасырылған. Біздің жерімізге зұлымдық келді. Кісі өлтірушілер, баскесерлер, әйел зорлаушылар, тонаушылар өзін әскер деп атап жүр. Олар тек өлімге ғана лайықты», – дейді Украина президенті Владимир Зеленский.

Желіде Зеленскийдің Бучаға барғанда көзіне жас алып көңілі босағанына көпшілік сүйсініп жатыр.

«Зеленский Бучаға барған сәтте көзіне жас алыпты. Иә, біреу әртіс дер. Бірақ, менің ойымша, Зеленский адам екен, тек адамда ғана осындай эмоция болады. Халқы үшін күлетін, жылайтын, қайғыратын, қуанатын», – деп жазып жатыр көпшілік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.