«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның Тараз қалалық филиалы мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің және қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі И.Костина мен Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі А.Досымбаеваның және Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен қаладағы бірқатар нысандардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай бойынша зерделеу жүргізілді.
Керімбай атындағы №12 гимназия, «Қазпошта» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы, «Баласағұн» мәденеит үйі, «Көне Тараз» этно-мәдени орталығы, Жамбыл облыстық тіс емдеу емханасы, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, «Халық Банк» АҚ – ның филиалы зерделеумен қамтылды.
Зерделеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы қоңыраулар, пандустар мен зағип және көру қабілеті төмен адамдарға арналған жолақтар мен сондай-ақ, мекемелер ішіндегі арнайы бөлмелерге жасалған жағдайлары қаралып, бірқатар мекемелердің басшыларына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайдың талапқа сәйкес жасалуы жөнінде ұсыныстар берілді.
Алдыңғы
Келесі