Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбелік депутат қызбен сөйлесіп жүргені үшін бопсаға түсіп қалды

0 204

Қалалық мәслихат депутатын біреу онлайн бопсалап, қаржы талап етіп, туыстарына да хабарламалар жолдаған деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімінде айтылғандай, жаңа босап шыққан ақтөбелік азамат бір сұлуды кездестіріп, онымен жалдамалы пәтерде тұра бастаған. Бірақ, көп ұзамай, қыз басқа жігітті кездестіреді. Ал ол Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болып шықты.

Екі жастың шынайы сезімдері алғашқы жігіттің шамына тиген сыңайлы. Сот үкіміне сәйкес, ол Telegram арқылы депутатқа Дамир деген атпен хат жаза бастаған. «Жаралы жүректі» жігіт барлығына депутаттың сүйіктісі кім екенін айтамын деп қорқытқан. Оған қоса, қызының тастап кеткеніне ренжіген жігіт халық депутаттың есірткіге тәуелділігінен хабардар болатынын айтып қорқытқан. Үндемеуі үшін бопсалаушы 500 мың теңге сұраған.

Пиғылының ауырлығын дәлелдеу үшін қаскүнем депутаттың туыстары мен жақындарына хабарлама жібере бастаған. Хабарламалардың скриншоттарын қорқыту үшін депутатқа жіберген. Бопсалаушы мұны «өзінің айтқан қаупі шынайы болып көрінуі үшін» жасаған.

Алғашында қорқып кеткен депутат бопсалаушыға 100 мың теңге аударып жіберген. Сосын полицияға арыз жазады. Бопсалаушының өзі сотта депутаттан ақша бопсаламағанын, тек өзінің сүйіктісінің әлгі депутатпен бірге тұратынын қызғанғанын мәлімдеді.

Алдымен бопсалаушыны сот 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ облыстық сот бұл мерзімді 1 жылға қысқартып, үкімді өзгертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.