Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында мектеп мұғалімі спартакиада кезінде қайтыс болды

0 138

Ақмола облысында «Мұғалім-2022» аймақтық спартакиадасы кезінде 43 жастағы мұғалім көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.  

Ақмола облысының Білім басқармасы жарысқа Біржан сал ауданының 10 мектебі қатысқанын айтты. Жарыс спорттың бірнеше түрінен өткен: волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қоссайыс және ұлттық спорт түрлері.

Қайтыс болған мұғалімнің жарыстарға қатысуға рұқсаты болған. Ол аймақтық спартакиадаға қатысу өтініміне сәйкес, волейбол және үстел теннисі бойынша команда құрамына қабылданған.

«Волейбол ойыны кезінде ол ауырып, алаңнан кетіп, орындықта отырды. Біраз уақыттан кейін құлап, есінен танып қалды. Оған медицина қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетті», – деп хабарлады Білім басқармасындағылар.

Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий мұғалімнің олар келгенге дейін қайтыс болғанын атап өтті.

Марқұм Мамай ауылының орта мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарған. Оның артында күйеуі мен 3 баласы қалды.

Мектеп директорының айтуынша, ол денсаулығына шағымданбаған және Біржан сал ауданының орталық ауруханасында есепте болмаған. Жыл сайынғы медициналық тексеруден де сәтті өткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.