Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тасмағамбетовтің күйеу баласына іздеу жарияланады» – Бас прокуратура пікір білдірді

0 121

  Бүгін бірқатар телеграм-арналар бизнесмен Кеңес Рақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Nege.kz сайтының тілшісі мұның анық-қанығын Бас прокуратураның баспасөз қызметінен сұрап білді деп хабарлады turkystan.kz.

«Ақпарат көзінің хабарлауынша, Кеңес Рақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оның айтуынша, осы аптада оған іздеу жарияланады», – деп жазды ABZHAN NEWS телеграм-арнасы.

Nege.kz сайтының тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласып, К. Рақышевқа қатысты делінген қылмыстық істің жай-жапсарын сұрады. Алайда Бас прокуратураның баспасөз қызметі «ондай ақпарат жоқ екенін» мәлімдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.