Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Сатыбалдының әйелі Алакөзовтің акцияларын тартып алған

0 249

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды қазір тергеу изоляторында отыр. Оған екі рейдерлік эпизод бойынша айып тағылған. Екеуінің де Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысы бар деп хабарлады turkystan.kz.
Айта кетсек, Тұрсын Алакөзов «Galanz Bottlers» АҚ-ындағы 43,5 пайыздық үлесін қайта жазуға мәжбүр болғанын айтып, полицияға арызданған. Ол өз акциясын 35 млрд теңгеге бағалап отыр.
«Maxi Bottlers» ЖШС-нің бұрынғы иесі Айгүл Мәкішева да арыз жазған. Айтуынша, Сатыбалды әулеті оның 40 млн теңгеге бағаланатын кәсіпорнын тартып алған.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Енді күдікті Қайрат, Гүлмира Сатыбалдылар 7 жылға сотталып, мүліктері де тәркіленуі мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.