Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстаннан Украинаға әскери техника жөнелтіледі»: министрлік ақпаратқа пікір білдірді (ВИДЕО)

0 422

Әлеуметтік желіде әскери көліктер түсірілген бейнежазба  таралып, оның Украинаға кетіп бара жатуы мүмкін екені айтылды. Бірақ Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kzstopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратынша, кадрларда көрсетілген автомобильдер оқу-жаттығуға бара жатқан.

«Қазақстанның Қарулы күштерінде желтоқсаннан наурызға дейін жалғасатын қысқы оқу кезеңі өтуде. Ол мамандығы бойынша әскери қызметшілерді даярлаудан басталды. Бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауыса отырып, кезең-кезеңімен жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейлерде өзара іс-қимылды пысықтау жүзеге асырылады. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және күштер мен құралдардың тұрақты орналасу пункттерінен оқу-жаттығу полигондарына және кері бағытта қозғалуымен байланысты», – делінген министрліктің ресми сайтында.

Айта кетсек, ведомство өкілдері жауынгерлік даярлықтың қарқыны біртіндеп артып келе жатқанын жеткізді. Қысқы оқу кезеңі аяқталғаннан кейін әскери бөлімшелер жекелеген батальондар мен бригадалар ауқымында жауынгерлік оқ атумен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге кіріспек.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.