Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жезөкше әншілер мені сотқа бермекші»: сазгер олардың атын атауға уәде берді (ВИДЕО)

0 273

«Қазақ эстрадасындағы қыздардың 90 пайызы жезөкше» деп айтқан белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәліні бір топ әнші сотқа бермек. Композитор бұлай болған жағдайда жезөкшелердің есімдерін атап беруге дайын екенін Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Сазгердің айтуынша, жезөкше әншілердің аты-жөні елге мәлім болса, олардың орны сахна емес,«сауна» болады.

«Егер олар сотқа беретін болса, мен жезөкше әншілердің есімдерін айтамын. Осыдан кейін олар тойға бармақ түгілі, тек қана «саунаға» баратын болады. Олар бәрі бірігіп алып, арнайы чат ашып алыпты. Жақында маған бір өнер иесі: «Қалдыбек, сізді бір топ әнші сотқа бермек. Және сіз ұйымдастыратын «Шәмші әндері» атты кешіңізге қатыспайтындарын айтып жатыр»,- деп қоңырау шалды. 20 жылдан кейін қазақ эстрадасына арын сатпаған пәк қыздар келеді. Солар Шәмшінің әндерін орындайды.«Далбасалапты». Жезөкше әншілер менімен ойнамасын»,- дейді композитор Қалдыбек Құрманәлі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.