Шымкенттегі қарттар үйінде екі қария шаңырақ көтерді. Бірі 80-де, екіншісі 75-те. Әжей ұзақ уақыт келіспегеніне қарамастан, оның жұбайы өз дегеніне жеткен,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен оны көргенде, бірден «бірге тұрайық» дедім. Ол, әрине, таң қалды. Бірақ мен біз бірге тұрамыз деп өзіме мақсат қойдым. Кемпірім әрдайым жанымда, біз бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз. талап еттім, біз бірге тұрамыз. Ол әрқашан жанымда, біз бір-бірімізге көмектесеміз. Бізге не керек дейсің? Біргеміз, бір-бірімізбен өткізген әр сәтімізді бағалаймыз, бір-бірімізді құрметтейміз» деді ата Отырар басылымына.
Көп балалы әке 2012 жылы қарттар үйіне түскен. Балаларына кедергі келтірмеу үшін өзі осындай шешім қабылдаған. Оның айтуынша, балаларының жеке өмірі бар. Зейнеткерлікке шыққаннан бастап қария немерелеріне қол ұшын беріп келеді. Атасы туған-туыстарына кек сақтамайды, бір ғана нәрсені – кейде телефон соғуды сұрайды. Олар бастысы бір күндері өздері де қартаятынын ұмытпаса дейді.
«Мен кейде балаларыма барып тұрамын. Немерелерім көп, бірақ олар мені сирек еске алады. Арасында балам келіп тұрады. Мен не істей аламын? Өмір сондай. Мен ешкімге кек сақтамаймын, әркімнің өз өмірі бар» дейді ол.
Отбасылық өмірде «жас жұбайлар» сөзге келісіп қалып тұрады. Әйелі айтқандай, жеңіс әрқашан оныкі, күйеуі көнеді, дауласпайды.
«Жарайды, ондай-ондай боп тұрады. Кейде біз ұрысып қаламыз. Ол ешқашан менімен дауласпайды. Менің ашуым тез басылып, әрдайым бітімгершілікке мен бірінші қадам жасаймын. Қайтеміз, әйелміз ғой» дейді әжей.