Әнші Ернар Айдарды достары қате жазылған тортпен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.
Оны туған күнімен алғашқылардың бірі болып жақын достары құттықтап, күтпеген жерден тосынсый жасады. Олар түнгі сағат 12.00-ден кейін әртіс аялдаған қонақ үйге келіп, мерекелік торт сыйлады.
Тортта «Ернар туылған күніңмен!» деген қате жазу болса да әнші оған қарамай, балаша мәз-мейрам болды. Содан кейін оның құрметіне отшашулар атылды. Осы сәтті Ернар өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
«Отыз бірінші көктемім, қош келдің! Осындай тосынсый жасаған достарыма көп рахмет. Баршаңызға алдын ала рахмет», – деп ол жолдастарына алғыс айтты.