Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысында танысын өлтірген экс-полицей 9 жылға сотталды

0 2  521

Сот шешімімен адам өлтірген бұрынғы полиция қызметкері Руслан Клышев 9 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазды turkystan.kz «Алау» басылымына сілтеме жасап.

Полицей танысына қаржы пирамидасына салған ақшасын қайтаруға уәде берген. Ақыр соңында ерлер арасында жанжал туып, ол қайғылы аяқталған.

«Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Руслан Клышевке қатысты үкім шықты. Руслан Клышев 9 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді», – делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетсек, Руслан Клышев пен тіс дәрігері Ермек Омаровтың арасындағы жанжал 2021 жылы 8 наурызға қараған түні болған. Жанжал өршіп, полицей  Ермек Омаровқа мылтықтан оқ атқан. Салдарынан тіз дәрігері оқиға орнында көз жұмған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.