Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өтірік өңірлерді аралағанын көрдік» – желіде халық сенаторларды сынады

0 329

Әлеуметтік желіде Парламент Сенаты депутаттарының қызметі мен жұмысына қатысты сыни пікірлер толастамай отыр деп хабарлады turkystan.kz.

Facebook-те Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Парламенттің жоғарғы Палатасы депутаттарының ертеңнен бастап елге шығатыны туралы бейнежазбасы тарағаны сол еді, желіні жиі қолданушы халықтың көбісі сенаторлардың жұмыстарына көңілдері толмайтындарын айтып, өкпе-реніштерін жазып жатыр.

Халық М.Әшімбаевтың бейнежазбадағы: «Сапар барысында өңірлердегі өзекті мәселелерге баса мән беріп, елдің пікірі мен ұсыныстарына назар аударған абзал. Ең бастысы, азаматтар өз сөздерінің билікке жетіп жатқанын, жаңа Жолдау соның жарқын көрінісі екенін сезінуі керек», – деген сөзін желеу етіп, сенаторларға видео жарияланған кезден бері 126 «ыстық ықыластарын» танытып үлгерді.

Солардың бірнешеуін мысалға келтіруді жөн көрдік.

«Сенаторлар өңірлерге барады. Оны сол жердің әкімі күтіп алады. Сосын 1-2 ашылған цехтарға апарады. Дайындап қойған адамдарымен кездеседі. Болды», «Ұйықтап отыратындарға шара бар ма қолданылатын? Жылдар бойы камераға түсіріп, дәлелдеп келеді. Халық алдына шығып, кешірім де сұрамайды. Я жауапкершілікке тартылмайды. Президент сөйлеп жатса да ұйқы. Одан да пенсияға шығып, үйлерінде неге ұйықтамайды?», «Депутаттардың халық арасына келгені құрсын, бір айтқан аманатты жеткізбейді. Дұрыс жауап бере алмайды, керегі жоқ. Келіп, ішіп-жеп кетеді. Жолдауды өзіміз де тыңдадық», «Өтірік өңірлерді аралағанын көрдік! Сол өңірлердің басшысымен кездесіп, ыстық шәйін ішіп қайтады ғой! Ондай депутаттар керек емес! Бәрін қайта сайлау керек! Сонда халық сенеді», «Өз ақшаларымен барсын, сонда түсінеді қымбатшылықты» дегендей өкпе-реніштерден көз сүрінеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.