Тоқаев бүгінгі жолдауында президент өкілеттілігі бар кезінді партия құрамында болмауы керектігін айтты.
– Мен президенттің өкілеттік кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде рәсімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, әкімдер мен олардың орынбасарлары да партия құрамында болмайды.
– Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді президент.