Қалалық қоғамдық-саяси газет

«100 миллиондық Кадиллак жайына қалды»: Тұрсынбаева сіңлісіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

0 1  611

Айнұр Тұрсынбаева екі сіңлісінің көлікті болғанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Туған сіңлімді аямай жылаттық. Видеоның соңында жылататын тосынсый бар. Біз үйде 3 қыз, 1 ұлмыз. Жұлдыз ауруымен ауырмайтын сіңілімді көп ешкім біле бермейді. Өйткені оның өзі де, мінезі де сондай қарапайым, қанағатшыл. Жұрттың көзіне жұмыс жасағанды жаны сүймейді. Сонысына қарай аузын ашса, жүрегі көрінетін жомарт өзі. Ханшайымның 80% ойыншығын сол кісі әкелген. Алика жақында ғана ескі көлігін сатып, «жаңа көлік аламын» деп жүргенде, доллар аспандап кетті. Ардақ көлік алғанда оның көңілі түсіп қаламасын деп үшеуміз оған тосынсый дайындап қойдық. Ардақтың көлігіне құтты болсын айтып келген жанашырлармен бірге сіңілім де келді. Ардақтың көлігін табыстап, жабуын сыпырып, лентасын қиған соң, салонның жанында Аликаға арналған осы машинаның табыстау рәсімі болды. 100 миллиондық Кадилак жайына қалды», – дейді айтыскер ақын.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.