Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көне Тараздағы» келелі кездесу

0 442

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Д.Бейсенқұлов «амал» мерекесінде зиялы қауыммен және «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуде Д.Бейсенқұлов ең алдымен зиялы қауымды көрісу күнімен құттықтап, партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде ұсынылған партияны жаңғыртудың бағдарламасымен бөлісті.
Атап айтқанда, қоғамдық кеңестердің санын қысқартып басты назарды санға емес, сапаға бұру, жастар оның ішінде жұмыссыз жастар мәселесі, сондай-ақ, көшпелі қоғамдық қабылдаулар жұмысын күшейту, және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.
Атқарушы хатшы бас партия әрдайым зиялы қауыммен тығыз қарым-қатынаста болу қажеттігін атап өтіп, ұрпақ тәрбиесі, руханият мәселесі туралы кеңінен пікір алмасты.
Қоғам белсенділерінің пікірі тыңдалып, аймақтағы айтулы мәселелерді шешу жолдарымен кеңесті.
Жиын соңында мерекелік тілектер айтылып, жылы лебіздер тыңдалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.