Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытайда коронавирус қайта өршіп, қатаң карантин режимі басталды

0 470

Қытайда үшінші күн қатарынан коронавирус індетінің күрт өсуі байқалды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, ол елде КВИ-мен сырқаттанудың жоғары тәуліктік көрсеткіштері 2020 жылдың басында COVID-19 індетінің алғашқы күндерінде байқалған көрсеткіштерден асып түскен.

Коронавирустың қайта таралу ошақтары Қытайдың кем дегенде 17 провинциясына, автономды аудандарға және орталық бағыныстағы қалаларға, соның ішінде Пекин, Шанхай және Гуанчжоу сияқты мегаполистерге әсер етіп отыр. Толық оқшаулау режимі Чанчун қаласында енгізілді.

Қазір барлық білім беру мекемелері, сауда орындары мен қоғамдық мекемелер жабылған. Супермаркеттер мен дәріханалардың шектеулі тізімінен бөлек, қалалық қоғамдық көліктің де жұмысы толығымен тоқтатылды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте елімізде 98 жаңа жағдай ғана анықталды. Ал ашық кеңістікте маска тағу режимі алынып тасталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.