10 наурыздағы мәлімет бойынша, Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғалы бері 71 бала қаза тауып, 100-ден астам бала жарақат алған деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Украинадағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Людмила Денисова Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Житомир облысының Малын қаласында әуе шабуылы салдарынан 7 жеке үй қирады, 5 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала (5 жасар қыз және 2021 жылы туған 2 ұл) бар. Харьков облысы Жуковский ауылындағы базарды атқылау кезінде 16 жастағы жасөспірім қаза тапты. Түнде Харьков облысының Изюм ауданы Слобожанское ауылын атқылау салдарынан жау снаряды жеке тұрғын үйге түсті. Үйінді астында 4 адам қаза тапты, 2 әйел мен 2 бала, 5 жасар қыз аман қалды. Киев облысының Ирпин қаласында 10 жасар қыз ауыр жарақат алып, қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Мен НАТО елдерінен ресейлік терроризмді тоқтатуға көмектесуді талап етемін. Украинаның аспанын жабыңыздар!» деп жазды ол.