Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Біз соғысты қаржыландырмаймыз»: АҚШ Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатты

0 246

Президент Джо Байден ресми түрде АҚШ-тың Ресейден мұнай сатып алуды тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз Путин бастаған соғысты қаржыландырмаймыз», – деді АҚШ президенті.

Ол Еуропадағы серіктестерінің мұндай қадамға бара алмайтынын және, Ресей мұнайынан бас тарту АҚШ-қа да соққы болып тиетінін қосып өтті. Алайда Вашингтон бұл қадамды дұрыс деп санайды екен.

«Путиннің соғысы бізге дезиян әкеледі. Бірақ қазір пайданы ойлайтын уақыт емес», – деді Байден

Байден АҚШ-тың тез арада «таза энергияға» өтуі керегін, электромобильдерді көптеп қолданысқа енгізудің маңызды екенін атап өтті. Сөзінше, бұл «келешекте жанармай бағасына алаңдамауға» жол ашады.

Джо Байден АҚШ және оның серіктестері Украинаға қару-жарақ пен гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыра беретінін айтты.

Ал Ұлыбритания билігі елдің ресейлік мұнай мен газдан 2022 жылдың соңына қарай бас тартатынын мәлімдеген.

Ресей АҚШ-қа негізінен мұнай, металл мен тыңайтқыштар экспорттайды. АҚШ-та қолданылатын мұнайдың 7 пайызы Ресейден әкелінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан жоғары көтеріліп, 2012 жылғы ең жоғары көрсеткіштен асып түскенін хабарлаған едік.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.