Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көкшетаулық тұрғын мереке қарсаңында 300 қызғалдақты ұрлап кеткен

0 438

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 4 наурызда Көкшетау полициясына гүл сататын дүкендердің бірінің иесі шағымданып, 300 қызғалдақты ұрлап кеткенін айтқан деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, дүкен иесі келтірілген шығынды 90 мың теңге деп есептеген.

Кәсіпкердің сөзінше, ол қызғалдақтарды сақтау үшін гүл салынған қорапты бірер минутқа көшеге қойған. Дәл сол кезде белгісіз адам гүл салынған қорапты ұрлап кеткен. Тауарының жоғалғанын білген бойда, кәсіпкер бірден полицияға хабар берді.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы келіп, гүл салонының камераларындағы жазбаларды қараған. Құқық қорғаушылардың назарына іс-әрекеті күмән тудырған ер адам ілініп, жарты сағаттың ішінде 48 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам ұрланған гүлдерді қайда тығып қойғанын да көрсеткен.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызғалдақтар дүкен иесіне қайтарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.