Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ сенаторы Путинді өлтіруді ұсынды

0 2  764

АҚШ конгресінің республикалық партия атынан сайланған депутаты Линдси Грэм Ресей Президентін өлтіруді ұсынды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ресейдің басқыншылығын тоқтатудың ең қарапайым тәсілі – Владимир Путиннің көзін жоя салу керек» деп жазды ол.

Бұл твитке РФ елшілігінен тез жауап келді.

«Құрама Штаттардың тағдыры осындай «жауапсыз» және саясатта кәсібилігі жоқ адамдар отырғанда қиындай түседі. Біз бұл америкалықтан ресми түсіндірме мен оның қылмыстық сөздерін батыл айыптауды күтеміз», – деді Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов.

Еске сала кетсек, Линдси Грэм кезінде АҚШ Президенттігіне үміткер болған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.