Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар талабы тыңдалды

0 332

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың №2 аумақтық округ  тұрғындары алдындағы есепті жиыны  №44 орта мектепте жалғасты.

Шаһар басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алда тұрған межелі міндеттерді де айқындады.

– Округ бойынша жасалған жұмыстарды тұрғындар көріп, біліп жүр. Шешілмеген мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі. Құзырлы сала мамандарына тапсырма берілген.

Мемлекет басшысыны тапсырған тапсырмаларына сәйкес қалада көптеген мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асып жатқан жұмыстарға сіздер баға бересіздер. Қаламыздың хал ақуалын жақсартуда барлығымыз бірдей үлес қосуымыз керек, – деген Ержан Жұматұлы тұрғындардың уәжін тыңдады.

Жалпы сауалдар мен арыз-тілектердің басым бөлігі жолды жөндеу, ауыз су, көшені жарықтандыру сынды мәселелерге қатысты болды. Округ бойынша көтерілген мәселелер қашан және қалай шешілмек? Бұл жайында газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.