Қырыққа жуық ел Ресей президенті Владимир Путинді трибуналға шақыртып, халықаралық сотқа арыз түсірді деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасстың айтуынша, Ресей жазықсыз украиндықтарға қарсы күш қолданып жатыр.
«Владимир Путин бұл жантүршігерлік әрекеті үшін жазасыз қалмайды», – деді Ұлыбританияның Прьемер-министрі Борис Джонсон.
Еске сала кетсек, 1 наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан Ресейдің Украинадағы әскери операциясына қатысты тергеу бастағанын хабарлаған болатын.