Көпшілікке «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің жары Айкөл Аликжанова Instagram-дағы парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kzсайтына сілтеме жасап.
«Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің сөздерімді назарға алып, тергеудің объективтілігін бақылауға алуларыңызды сұраймын. Жолдасымның барлық әрекеті тек Отанға көмектесуге бағытталған. Ол ешқашан саясатқа қызығушылық танытпаған және бұл салада ол тек бітімгершілік миссиясын басқарды. Арандатушылыққа берілмеңіздер. Оны отбасына қайтарыңыз», – деді Айкөл Аликжанова.