Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандыдағы базарда өрт шығып, үш дәмхана отқа оранды (ВИДЕО)

0 176

Облыстық Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Қарағанды қаласындағы «Алтын-Арба» базарының аумағында өрт шыққанын хабарлады деп жазды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kzсайтына сілтеме жасап.

28 ақпанға қараған түні, сағат 01.03-те Затаевич көшесінің бойында орналасқан нысандардың бірінде өрт шыққан. Белгілі болғандай, базар аумағындағы үш фаст-фуд дәмханасын жалын шарпып, ағаш қаптама, жылытқыш, жиһаз, құрал-жабдықтарға зақым келген.

 

Оқиға орнында Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің 52 қызметкері мен 15 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің ортақ қимылының нәтижесінде 500 шаршы метр аумақты зақымдаған от бір сағаттың ішінде толық сөндірілді.

Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.