Қаржы министрi 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрығымен сүзгiсi бар, сүзгiсiз темекілердің, папиростардың минималды бөлшек сауда бағасын белгіледі деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kzсайтына сілтеме жасап.
Сонымен, сүзгісі бар, сүзгісіз темекінің, папиростың 20 талының ең төменгі құны:
- 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанда 550 теңге;
- 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 570 теңге;
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңге.
Бұйрық 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.