Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда дәмханада атыс болды: зардап шеккендер бар

0 316

Атыс Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойындағы Discovery дәмханасында болған. Бұл туралы Жамбыл облысының баспасөз қызметі хабарлады, – деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

Полицейлерге мекемеде атыс болғаны туралы хабарлама 25 ақпан күні сағат 22.30 шамасында түскен. Оқиға салдарынан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнына жедел түрде полицияның кезекші жасағы мен патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді полициядағылар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.