Қалалық қоғамдық-саяси газет

Киевте қалып қойған миллионер тамақ таба алмай жүр (ВИДЕО)

0 184

Бірнеше жыл бұрын кедей отбасынан шығып, өз еңбегімен миллионер атанған, ТМД бұқаралық ақпарат құралдарын дақпыртымен шулатқан түркіменстандық Бердімұрат Бегменов Украинада босып жүр деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бизнесмен Бердімұрат кейінгі жылдары Украинада кәсібін дөңгелетіп жүрді. Ол ерекше киім үлгілерін әзірлеп, сауда-саттықпен шұғылданады. Мысалы, Б. Бегменов құрған компанияның 2021 жылғы қаржы айналымы 2 млн долларға жеткен. Оның бұдан бөлек басқа да табыс көздері бар.

Өкінішке қарай, оның бұл байлығы қазіргі сәтте ештеңеге жарамай қалды. Себебі ол Ресейдің Украинаға шабуылы басталған сәтте елден шыға алмай қалған. Бастапқыда Киев қаласындағы әуежайда уақыт өткізсе, кейін қала тұрғындарымен бірге метрода түнеп шыққан. Миллионер өзінің әрбір қадамын әлеуметтік желіде жазып отыр.

Ол соңғы рет интернетке осыдан 23 сағат бұрын шыққан еді. Сол кезден бері одан ешқандай хабар болмады. Тек жаңа ғана өзінің Украина шекарасына жақын жерде босып жүрген сәтінен видео жариялады.

Ол әлдебір үйдің алдында өзге де азаматтармен бірге бір бөлке нанды бөлісіп жеп отырғанын айтты.

«Достар! Жейтін ештеңе жоқ. Нан мен су ғана таптық. Жолда асхана да, кафе де жұмыс істемейді. Құдайдың бергенін талғажау етіп отырмыз. Абай болыңыздар!», – деді ол.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.