Украина астанасы Киевтің шетінде ұрыс жүріп жатыр. Үкімет күштері әуе базасы мен әуежайды ресейлік десант әскерлері бақылауға алған соң, қайтарып алуға әрекеттеніп жатыр деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Украина Президенті Владимир Зеленский әуежайды қайтарып алып, ресейлік әскерлерді кері ығыстырамыз деп уәде беріп отыр. Жүздеген жарылыс болғаны туралы хабарларға қарағанда, Мариуполь портында да әлі шайқас болып жатқан көрінеді.
Ал БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының BBC-ге берген ақпаратына сүйенсек, Украинадағы 100 мыңнан астам адам үйлерін тастап, мыңдаған адам Молдова мен Румынияға өтіп кеткен болуы мүмкін.