“Oyan, Qazaqstan!” қозғалысының белсенділері Алматыдағы Ресей консулдығының алдына пикетке шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың қолдарында Украинаның туы мен “Украина. Соғысқа орын жоқ”, “Украiна – незалежна!” деген плакаттар бар.
“Біз Қазақстанда да Украинаны қолдайтын адамдар бар екенін көрсету үшін пикетке шықтық. Олардың өздерін жалғыз сезінбегендерін қалаймыз. Біз соғысқа қарсымыз”, – дейді белсенді Дархан Шәріпов.
Консулдық алдына келіп жеткен әкімдік қызметкерлері пикеттің рұқсат етілмегенін айтып, олардан тарауын сұрады. Белсенділер оларға әкімдікке хабарлама беруге ниетті емес екендерін айтты.