Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмолада 69 жастағы кейуана танысын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

0 279

 Ақмола полицейлері адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

19 ақпан сағат 10:35-те Бұланды ауданының полиция бөліміне Алтынды ауылындағы мектептің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түсті. Полицияға ауылдық округ әкімі телефон соққан. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 18 ақпан күні шамамен сағат 15:00-де ер адам досына келген. Ішімдік ішу және жанжал кезінде әйел серігінің кеудесіне пышақ сұққан. Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.