Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ай сайын қанын құйып, сатып отырған: Күзетші жарнама бойынша жұмысқа тұрамын деп, құлдыққа түскен

0 163

31 жастағы қытайлық ер адам алты ай бойы құлдықта болған. Күзетші болып жұмыс істеген одан жарты жыл бойы 87 унции (2572 мл) көлемінде қан құйып алып отырған, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ли есімді қытайлық – адам саудасының құрбаны. Оны қылмыстық топ ұрлап, қанын жеке тұлғаларға сатып, сауда жасаған. Оқиға ер адамның жұмысқа шақыру туралы хабарландыруын қабыл алғаннан басталған.

Лиді ұрлап кеткен банда оның қанын интернет арқылы жеке тұлғаларға сатқан екен.

Қалыпты қан тапсыру көлемі, әдетте, шамамен 16 унцийді құрайды. Тұтқыннан қашып шыққан Ли көп қан жоғалтқаннан бірнеше ағзасы жұмыс істемей қалған, ал қолы толықтай көгерген.

Құлдықта болған қытайлықтың сөзінше, былтыр маусым айында оны Қытайдың Гуанси өңіріне түнгі клубқа күзетші болып жұмысқа шақырған. Алайда “жұмыс орнына” жеткен кезде оны сатып жіберген. Айтуынша, оны Камбоджадағы Сиануквиль қаласына қылмыстық тоб  13 598 фунт (8 миллион теңге) ақшаға сатып жіберген.

Ли өзін сатқан қылмыстық топ оны әртүрлі алаяқтық телемаркетинг схемаларында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін жеткізді. Ал жұмыс істеуден бас тартқаннан кейін қылмыстық топ оның ағзасынан қан ала бастаған.

Лидің бойынан алынған қан мөлшерінің көптігі сонша, қол тамырларынан қан шықпай қалып, қылмыскерлер оның басынан қан ала бастаған.

Америкалық Қызыл Крест ұйымы адамдарға әр 56 күн сайын қан тапсыруына ғана болады дейді. Ал Лидің бойынан ай сайын қан құйылып отырған. Қуанышқа орай, Ли топ мүшелерінің бірінің сатқындық жасағанын пайдаланып қашып құтылған.

Осылайша, ол 12 ақпанда ол ауруханаға түседі. Ағзаларының жетіспеушілігіне шалдыққан ол өзін “қан тұтқыны” болдым деп есептейді. 

Айтуынша, қылмыстық топ мүшесі “егер қаныңды бермесең, ағзаларыңды таратып жібереміз” деп қорқытқан.
Ли банда оны және басқа тұтқындарды ұрып-соғуға электрлік таяқтарды қолданғанын айтты.

Құлдыққа түскенге дейін Шэньчжэнь мен Бейжіңде күзетші болып жұмыс істеген ер адам онымен бірге қамауда кем дегенде жеті ер адам болғанын байқаған.

Ол басқаларға қарағанда өзінің қанын жиі алғанын айтады, өйткені оның қан тобы жиі кездесетіндердің бірі болған.

Құлдықта болған ер адам Қытайдың “58.com” атты интернет-хабарлама платформасында жарияланған жарнаманы көріп, алданып қалғанын айтады.

Камбоджадағы Қытай елшілігі өткен аптада Лидің кейбір айтқан сөзін растаған, бірақ 58.com сайтын атамаған.

Мәлімдемеде «Қытайдың Камбоджадағы елшілігі Камбоджада жұмыс істегісі келетін Қытай азаматтарына ресми арналарға сенуді және жалған жұмыс туралы хабарландыруларға сенбеуді тағы бір рет еске салады» делінген.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.