Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда Наурыз мерекелерінде корпоративтік кеш өткізуге рұқсат етіле ме?

0 277

Алматының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қала тұрғындары алдағы наурыз мерекелерінде корпоративтер өткізе ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Ashyq жүйесіне қосылған нысандарда бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол беріледі. Бұған конференциялар, форумдар, мерекелер, отбасылық және естелік іс-шаралар кіреді.

“Корпоративтер, басқа да бұқаралық іс-шараларды тек Ashyq жүйесі бойынша өткізу мүмкін болады. Бірақ Алматы жағдайында Ashyq нысандарында толымдылық 70%-ға дейін ғана болуы тиіс. Себебі қала “қызыл” аймақта орналасқан. Қала тұрғындары арасында COVID-19 вирусының тіркелуі төмендеген. Егер Алматы мереке алдындағы күндері немесе мереке күндері “сары” немесе “жасыл” аймаққа ауысқан жағдайда, толымдылық деңгейіне қарамастан шаралар өткізуге болады”, – деді Байғабылов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.