Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

0 162

Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің соңындағы №15 ықшамаудандағы №992, №997, №1025 көпқабатты тұрғын үйлер бойынша тұрғындар тарапынан жылу, электр желісі мен ішкі әрлеу жұмыстарына наразылық білдірілді.

Осыған орай, шағым түскен тұрғын үйлердің мердігер мекемелеріне («Бірлік сервис компани» ЖШС, «Тараз строй-2004» ЖШС, «ЕрНұрЖан Құрылыс-2010» ЖШС) тұрғын үйлердегі кемшіліктерді тез арада қалпына келтіру бойынша ескерту хат жолданды.
Ескерту хатта анықталған талаптар мерзімінде орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4.тармағы, 3.тармақшасының негізінде мекемені «Мемлекеттік сатып алу» конкурстарына жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа жүгінетініміз туралы ескертілді.
Бүгінгі таңда №1025 тұрғын үйдің жылу желілерінің қуаттылығын арттыру үшін насос орнатылды. Аталған тұрғын үйлерге жарық пен жылу жүйесі толығымен қалпына келтірілді.
№992 тұрғын үйдің жертөлесіне су кетіп, тұрғын үйдің жүк көтермейтін қоршау қабырғасы жарылған. Тұрғын үйді жылу жүйесімен қамтамасыз етілетін жабдықтарды қоршауға алынған қабырға болатын. Оның тұрғын үйдің іргетасына зияны жоқ. Ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін толық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аталған тұрғын үйлерге газ құбырлары жүргізілген. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ талабына сәйкес, қоныстанған тұрғындардың 80 пайызы осы мекемеден тіркеу өткізілгеннен кейін тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз етеді.
Осы уақытқа дейін №15 ықшамаудандағы тұрғын үйлер уақытша электр желілерімен (қысым түссе, зақым түскен жағдайда, табиғат салдарынан және т.б.) қамтамасыз етілген. Сол себепті тұрғын үйлерде жиі жарық сөніп қалатын. Осыған байланысты, тұрақты электр желілеріне ауыстыру мақсатында «Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің соңындағы (Ж.Сабалақов пен Н.Крупская көшелерінің қиылысы) №15 ықшамауданға электрмен жабдықтау желілері құрылысын салу» нысаны бойынша толық құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылдың 24 желтоқсанында қабылданды. Мердігер мекемесі – «Пырақ-Құрылыс» ЖШС.
Қазіргі таңда №15 ықшамаудандағы пайдалануға берілген тұрғын үйлер тұрақты электр желілерімен қамтамасыз етілген. Ал құрылыс жұмыстары аяқталмаған тұрғын үйлерді тұрақты электр желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.