Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дариға Назарбаеваның күйеуінің орнына Жаркешов тағайындалды

0 462

Санжар Жаркешов «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы (ҰК)» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының келісімі бойынша Жаркешов Санжар Серікбайұлы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды» делінген хабарламада.

Жаркешов 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін «Нафтогаз» УГВ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары – Украинаның «Нафтогаз» Ұлттық мұнай-газ компаниясы барлау және өндіру бөлімі директорының орынбасары, 2019 жылдан 2020 жылға дейін экология вице-министрі, геология және табиғи ресурстар саласында, геологиялық салаға жетекшілік етті.

2018-2019 жылдары АҚШ және Ұлыбритания, Колумбия, Оман, Ресейдегі жобалар бойынша McKinsey және компаниясының Лондондағы кеңсесінде мұнай және газ саласы бойынша басқару жөніндегі кеңесші және жаһандық сарапшы болды.

Еске салайық, QazaqGaz басқармасының бұрынғы басшысы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев қаңтар айының басындағы қайғылы оқиғадан кейін ұлттық компания басшысы қызметінен кеткен болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.