Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Протез ки де, жұмыс істе»: аяғы жоқ жігіт еңбекке қабілетті деп танылды

0 230

Алматы облысындағы медициналық комиссия аяғы жоқ ІІ топ мүгедегін жұмыс істеуге жарамды деген шешім шығарды, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz cайтына сілтеме жасай отырып.

Серік Қарабаев бір жылдан бері сол аяқсыз өмір сүріп келеді. 40 жастағы ер адам ауруының асқынуынан кейін дәрігерлер аяғын ампутациялаған. Ампутациядан кейін науқасқа мүгедектіктің ІІ тобы берілген. Бірақ бір жылдан кейін медициналық комиссия қорытындыны қайта қараған. Сөйтіп, Серік Қарабаев жұмыс істей алады деген шешімге келіп, оны ІІІ топқа топқа ауыстырады.

«Мен таңертеңнен кешке дейін комиссия есігінің жанында отырдым. Менімен бірге аяғы бар адамдар кезекте тұрды. Комиссия менің құжаттарымды қарап, мені ішке шақырды, аяғымды тексерді. 10-15 минуттан кейін мүгедектіктің ІІІ тобына жататыным туралы қағаз берді», – деді Серік Қарабаев.

Ер адамның екі кішкентай баласы бар, аяғы ауыр әйелі және қарт ата-анасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Бір жылдан бері отбасының жалғыз табысы – мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақысы еді.

«Бірақ қазір төлем мөлшері айтарлықтай азайды. Аяғы жоқ адамға жұмысқа орналасу мүмкін емес қой? Мен комиссия мүшелерінен аяқсыз қалай жұмыс істеу керектігін сұрадым. Олар маған: «Протез ки де, жұмыс істе»,- деді. Мұнда екі аяғы бар адамдар жұмыс таба алмайды. Ал мен аяғсыз қалай жұмыс істеймін?!» –  деп сұрайды ер адам.

Өткен жылы Серікке мемлекет тарапынан тегін протез берілген болатын. Бірақ аяғында гангрена басталғандықтан тағы бір буынын алып тастауға тура келген. Ал комиссия мүшелері болса, енді бұл протезді кию мүмкін еместігін ескермеген.

Медициналық-әлеуметтік сараптама орталығының қызметкерлері болса, Серік Қарабаевтың жұмысқа орналасу бойынша көмек алу үшін медициналық кеңес беру комиссиясына жүгінуге кеңес берген. Енді қала тұрғыны мүгедектіктің ІІ тобын қайтаруды талап етуде. Комиссияның соңғы қорытындысы 14 ақпанда шықты. Ер адамның бұл шешімге шағымдануына үш ай уақыты бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.