Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы сәтті жүргізілуде

0 235

  Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында облыста «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы сәтті жүргізілуде,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

2018 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы филиалы және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының арасында жасалған үшжақты меморандумның аясында «Мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы өз жұмысын бастады.

Оқыту жоспарына сәйкес, дәріс алушылар бір апталық тегін оқыту кезеңінен өткізіледі. Яғни, 5 күндік семинар – 40 оқу сағаты, оның ішінде 16 сағат теория, 24 сағат тәжірибеден өтіп, мемлекеттік қызмет саласы бойынша толығымен ақпараттандырылады. Облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысын өз көздерімен көріп, тәжірибеден өтеді. Бес күнге созылатын жобаның соңында тыңдаушылар тестілеуден өтіп, арнайы сертификаттарға ие болады.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы филиалының базасында білімін толықтырып, мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибелі мамандардан дәріс алды.

Атап айтсақ, 2018 жылы 53 қатысушы мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғыммен, оның қыр сырымен танысса, 2019 жылы жоба шарапатын көрушілер саны 2 есеге ұлғайып, 109 қатысушыға артты. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты 29 ғана жас білім алса, 2021 жылы 52 студент тәжірибелі мамандардың лекцияларын тыңдады.
Жобаның негізгі мақсаты – талантты, білімді жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру. Оған облыстағы белді жоғары оқу орындары – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері тартылды. Сонымен қатар орта кәсіптік оқу орындарының әр-түрлі мамандықтардағы түлектері қатысты.

Аумақтық департамент жоғары оқу орындарының ұжымдарымен бірлесіп, студенттерге арнап түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Оған білімгерлер белсене қатысып, білімдерін жетілдіріп, қабелеттерін шыңдауда.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы өз жұмысын қайтадан жандандырды.

Аталмыш жобаға жоғары оқу орындарының студенттері және өңірдің ерікті жастары, жалпы 29 адам белсене қатысты.Тыңдаушылар мемлекеттік органдардың басшылары мен білікті мамандардан дәріс алып, теориялық және тәжірибелік тұрғыда білімдерін жетілдірді. Содан кейін, емтихан тапсырып, жобаны сәтті тәмамдады.
Жоба соңында Департамент басшысы Ш.Сұлтанхан жастарға сәттілік тілеп, сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Жобаның жұмысын тұрақты жүргізу арқылы жасампаз жастарды мемлекеттік қызметке шақырып, олардың кәсіби шеберліктері мен біліктіліктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау бағытында алдағы уақытта да нақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Л. Илебаев
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Жамбыл облысы
бойынша департаменті
басшысының орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.