Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

“Жүрегім тас әрі қола”: Мөлдір Әуелбекова көпшілікке сыр шертті

0 584

Екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сыр шертті. Әнші жүрегінің тас болып қалғанын айтып, енді тұрмысқа шығу мүмкіндігін жоққа шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуелбекова жуырда жол апатына түсіп қалғанын айтты. Әншінің айтуынша, апаттан кейін бұрынғы күйеуі өзі сыйлаған көлікті тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен. Әуелбекова экс-жарынан көңілі қатты қалғанын айтқан еді. Бұл жолы әнші көпшілікке сырын ақтарды.

“Енді ерімейтіндей сіздің жүрек қола не тастан емес қой?” –  деген Instagram оқыранының сауалына:

“Дәл қазір қола әрі тас. Сол қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін”, – деп жауап берді.

Әйткенмен әнші әлі де біреуге ғашық болу мүмкіндігін жоққа шығармады.

“Енді ессіз ғашық болмаймын демедім”, – деді Мөлдір.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.