Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бизнес бағдарламаның барысы түсіндірілді

0 201

  Бүгін Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы мен Тараз қаласының әлеуметтік инновацияларына арналған инвестициялар жөнінде жиын өтті.

Шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, шағын кәсіп иелері мен шаһар тұрғындары қатысты. Басқосу барысында медиатор, бизнес-тренер, қоғам белсендісі Айнұр Зауырбекова «Евразия» қорының әлеуметтік инновацияларға арналған гранттарына қол жеткізудің жолдарын кеңінен баяндады. Әсіресе қордың SICA бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері төңірегінде жан-жақты сөз болды. Қатысушылар да көкейдегі сауалдарын жолдап, мол мағлұматқа қанықты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.