Қалалық қоғамдық-саяси газет

Неліктен қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайды? – Министрлік түсіндірді

0 238

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайды. Препарат белгілі бір санатқа кіретін азаматтарға тегін салынады. Алайда көршілес елдерде қалаған адамдардың бәрі ақысын төлеп, Pfizer вакцинасын салдыра алады. Бұл ақпарат қазақстандықтардың түсінбестігін туғызды. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев ОҚК-де өткен брифинг кезінде шетелдік компанияның Қазақстанға қандай талаптар қойғанын айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, Pfizer компаниясы ақылы вакциналауға рұқсат бермеген.

«Pfizer компаниясы ақылы вакциналау жанама саудаға алып барады деп санайды. Ал денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімге сәйкес, вакцинаны жанама саудалауға тыйым салынған. Сол себепті біз Pfizer вакцинасын ақылы негізде салуға болмайды деген шешімге келдік», – деді Бүркітбаев.

Есесіне Түркия, Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындары вакцинаны ақылы негізде салдыра алады. Бүркітбаевтан мұның себебі сұралды.
Вице-министрдің айтуынша, Pfizer компаниясы бұл елдерге препаратты гуманитарлық көмек ретінде жеткізген. Ал неліктен Қазақстанға ерекше талап қойылып, өзге елдерге рұқсат етілгені жөнінде Бүркітбаев америкалық фарм-гиганттан жазбаша жауап алғаннан кейін жауап беруге уәде берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.