Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Парламент Мәжілісінің депутаттары Ильяс Буларов, Гүлдара Нұрымова және Нәзилә Раззақ оқу орнының студенттерімен және оқытушылармен кездесті.
Басқосуды ашып, жүргізген университет ректоры Талғат Ешенқұлов кездесудің мән-маңызына кеңінен тоқталды. Бұдан кейін халық қалаулылары ұсыныс-пікірлерге құлақ түрді. Мәселен облыстық мәслихат депутаты Уәлихан Болатбек «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы мен өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін көтерді. Сондай-ақ өзге де қатысушылар көкейдегі сауалдарын жолдады.
Сөз алғандарды мұқият тыңдаған депутаттар барлық мәселелер назарға алынатынын жеткізді.
Құрбанәлі ШАХАБАЙ