Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскерилерді КАМАЗ-бен қағып өткен: Қызылордада сарбаз өліміне кінәлі деп айыпталған ер адам ұсталды

0 172

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Қызылордадағы қауіпсіздік қызметкерлеріне қарсы КАМАЗ айдаған ер адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ хабарлады,  деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды, ол 5 қаңтарда арнайы әскери автокөлік КАМАЗ-ды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге бағыттаған. Көліктің соқтығысуы салдарынан Ұлттық гвардияның қызметкері19 жастағы әскери сарбаз оқиға орнында көз жұмды.

Ата-анасы жалғыз ұлын жоғалтты, көзі тірісінде ол бағдарламалаумен айналысып, философияға қызыққан. Қарағанды техникалық университетінде оқыған. Өмірге үлкен жоспарлар құрып, IT-маман болуды армандаған», – деп хабарлады ОКҚ брифингінде ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Сол күні тағы бір шабуылдаушы әскери КАМАЗ-ды басқарып айдап кеткен.

«ЖБО жұмысын тұрақсыздандыру мақсатында ол электр беру тірегіне қасақана зақым келтіріп, бейнебақылау камераларын істен шығарған. Содан кейін жергілікті полиция қызметінің ғимаратын басып алу мақсатында қоршауға кірген», – деді ол.

Әділов екі жағдайда да күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынғанын және олардың кінәсі бейнежазбалармен дәлелденгенін айтты.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.