Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоқыс басқан пәтерден 8 айлық егіздер табылды

0 239

Мәскеуде пәтерлердің бірінен ауыр халдегі сегіз айлық егіздер табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Түнде Плеханов көшеcіндегі тұрғын үйдегі пәтерден екі нәресте табылды. Сегіз айлық ұлдар екен. Олардың біраз уақыт тамақтанбағаны мәлім болды. Балалар ауыр халде ауруханаға жеткізілді» – деп хабарлаған Мәскеу прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомство өкілі егіздердің әкесі мен шешесі үйде мас күйінде болғанын айтты. Сонымен қатар, олардың басқа балаларға қатысты ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, олардың барлығы 10 баласы болған: оның 8-ін қорғаншылық және қамқоршылық қызметі тартып алған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.