Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаңтар оқиғасын ФБР тексеруі мүмкін

0 194

Жыл басында Қазақстанда болған оқиғаларды тергеуге АҚШ-тың Федералды тергеу бюросының (ФБР) қызметкерлері тартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова баспасөз конференциясы кезінде айтты. Енді ол Федералды тергеу бюросынан Қазақстандағы қаңтардағы оқиғаға қатысты сараптамалық қорытынды сұрағысы келеді. Айтуынша, олар үкіметтік ғимараттарға жасалған шабуылдарды кімнің және қалай жасағанын анықтауға көмектесе алады.

«Әскери заңгерлер мұның шын мәнінде қарапайым азаматтар мен полиция қызметкерлері немесе арнайы дайындықтан өткен кәсіби тұлғалар арасындағы атыс болғанын анықтай алады», – деді Айман Омарова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.