Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ президенті Ресей билігіне сенбейтінін мәлімдеді

0 183

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға «шабуыл жасау» ықтималдығы әлі де бар екенін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалықтарға арнаған видео үндеуінде Байден «АҚШ жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге дайын» екенін баса айтты.

«Егер Ресей Украинаға шабуыл жасаса, біз нақты жауап беруге дайынбыз және бұл әлі де ықтимал», – деді Байден Ақ үйдің YouTube-арнасына жарияланған видеода.

Сонымен қатар, америкалық тарап өз мәлімдемелеріне ешқандай дәлел келтірмейтіні айтылды.

Бұған дейін Байден Ресей 16 ақпанды Украинаға «шабуыл жасау» күні деп белгілегенін мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме Батыс елдері, Еуроодақ және НАТО басшыларымен келіссөздер барысында айтылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.